"№19 орта мектебі" мемлекеттік мекемесі
0
«5-сынып жаратылыстану пәнінен "Жертану " факультатив курсының жоспары»

БАҒДАРЛАМА

Жертану факультатив курсы
5 сынып жаратылыстану 

Құрастырған: Көктөбе жалпы орта білім беретін мектептің тарих және география пәндерінің мұғалімі А.С.Устаева

 

Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық әдістемелік бірлестігінде қаралды, хаттама №1 29 тамыз 2016 жыл. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған

 

Түсінік хат

Бағдарлама ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Курстың мақсаты мен міндеттері:Оқушыларды жердің жер қыртысының жалпы құрылымы, атмосфера құбылыстары, жер беті суларының, тірі организмдердің, табиғат белдемдерінің таралу заңдылықтарымен таныстырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу және функционалдық сауаттылықты,жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.
Міндеттер:

  • география ғылымы және Жер туралы серіктес ғылымдардың негізін меңгеру, табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарастың қалыптасуы;
  • табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалауға мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгеру;
  • өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеру

 

Бағдарлама мазмұны

Кіріспе /1 сағат/ Жер қалай пайда болды? /1 сағат/ Практикалық жұмыс №1 «Жердің пайда болуы» /1 сағат/ Ұлы географиялық ашулар /Х. Колумбтың 4 саяхаты/ /2 сағат/ Практикалық жұмыс №2 /1 сағат/ «Х.Колумбтың саяхатын кескін картаға түсіру» Әліби Жангельдин-қазақтың Марко Полосы /1 сағат/ Практикалық жұмыс №3 /1 сағат/ «Марко Полоның, Әліби Жангельдиннің саяхаты туралы реферат, слайд, қызықты материалдар дайындау» Глобус неге жердің өзіндей емес?/1 сағат/ Практикалық жұмыс №4 /1 сағат/ «Глобуста өлшем жұмыстарын жасау» Жер қойнауына саяхат /1 сағат/ Практикалық жұмыс №5 /1 сағат/ «Ірі кен орындарын кескін картаға белгелеу» От шашқан таулар сыры/1 сағат/ Практикалық жұмыс №6 /1 сағат/ « Кескін картаға ірі жанартауларды түсіру»
Әлемнің ең биік шыңы- Джомолунгманы бағындыру
/1 сағат/ Практикалық жұмыс №7 /1 сағат/ «Джомолунгма туралы эссе, синквейн жазу» Су туралы не білеміз?/1 сағат/ Практикалық жұмыс №8 /1 сағат/ «Гидросфераны кескін картаға түсіру»
Өзендер өрнектеген өлкелер /1 сағат/ Практикалық жұмыс №9 /1 сағат «Кескін картағажер шарының ірі өзендерін түсіру» Қоғалы көлдер, мол сулар /1 сағат/, Практикалық жұмыс №10 /1 сағат/ «Кескін картаға жер шарындағы ірі көлдерді түсіру» Су құйыны/1 сағат/ Практикалық жұмыс№11 /1 сағат/ «Су апттары туралы мәліметтер» Мұзды архипелаг /1 сағат/ Практикалық жұмыс №12 /1 сағат/ «Мұзды архипелагтарды кескін картаға түсіру» Халық ауа райын қалай болжаған? /1 сағат/ Практикалық жұмыс №13 /1 сағат/ «Реферат дайындау» Табиғаттың қаһарлы күші /1 сағат/ Практикалық жұмыс №14 /1 сағат/ «Қызықты мәліметтер жинақтау, эссе жазу» Табиғат аясы- адамның алтын бесігі /1 сағат/ Таңданарлық мемлекеттер /1 сағат/
Қорытынды: интеллектуалды ойын «Ең үздік Жертанушы» /1 сағат/

  

Тақырыптар кестесі

р/с

Өтілетін тақырыптар

Сағат саны

1

Кіріспе

1

2-
3

Жер қалай пайда болды? Практикалық жұмыс
№1 «Жердің пайда болуы»

1

1

4-5

 

6

Ұлы географиялық ашулар /Х. Колумбтың 4 саяхаты/
Практикалық жұмыс
№2 «Х.Колумбтың саяхатын кескін картаға түсіру»

2

 

1

7

 

8

Әліби Жангельдин-қазақтың Марко Полосы
Практикалық жұмыс №3
«Марко Полоның, Әліби Жангельдиннің саяхаты туралыреферат, слайд, қызықты материалдар дайындау»

1

 

1

9

10

Глобус неге жердің өзіндей емес?
Практикалық жұмыс №4
«Глобуста өлшем жұмыстарын жасау»

1

1

11
12

Жер қойнауына саяхат
Практикалық жұмыс №5
«Ірі кен орындарын кескін картаға белгелеу»

1
1

14
15

От шашқан таулар сыры
Практикалық жұмыс №6
« Кескін картаға ірі жанартауларды түсіру»

1

1

16

17

Әлемнің ең биік шыңы- Джомолунгманы бағындыру
Практикалық жұмыс №7
«Джомолунгма туралы эссе, синквейн жазу»

1

1

18

19

Су туралы не білеміз?
Практикалық жұмыс №8
«Гидросфераны кескін картаға түсіру»

1
1

20
21

Өзендер өрнектеген өлкелер
Практикалық жұмыс №9
«Кескін картаға жер шарының ірі өзендерін түсіру»

1
1

22

23

Қоғалы көлдер, мол сулар
Практикалық жұмыс №10
«Кескін картаға жер шарындағы ірі көлдерді
түсіру»

1
1

24
25

Су құйыны
Практикалық жұмыс №11
«Су апттары туралы мәліметтер

1
1

26
27

Мұзды архипелаг
Практикалық жұмыс №12
«Мұзды архипелагтарды кескін картаға түсіру»

1
1

28

29

Халық ауа райын қалай болжаған?
Практикалық жұмыс №13
«Реферат дайындау»

1

1

30
31

Табиғаттың қаһарлы күші
Практикалық жұмыс №14
«Қызықты мәліметтер жинақтау, эссе жазу»

1
1

32

Табиғат аясы- адамның алтын бесігі

1

33

Таңданарлық мемлекеттер

1

34

Қорытынды: интеллектуалды ойын
«Ең үздік Жертанушы»

1

 

Оқушының дайындық деңгейіне
қойылатын талаптар

  • жер бетінің картадағы глобустағы бейнесін;
  • тау жыныстарын және пайдалы қазбаларды;
  • төтенше табиғи құбылстар жағдайындағы және табиғи ортадағы тәртіп ережелерін, ауа райын болжай білу;
  • карталармен жұмыс істей білу, жер бетінің әр түрлі пішіндерін анықтай және көрсете алуы;
  • қазіргі кезің ақпараттық-коммуникациялық көздерін, білім берудің цифрлық ресурстарын пайдалана алуы;
  • табиғаттағы тосын құбылыстардың мәнін,түрін,

себебін айталуы;
жаратылыстанушы ғалымдардың еңбектерін білу;
мәтінде аталған нысандарды картаға түсіру;

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1. Бағдарлама. География. 5-9 сынып, Астана-2013ж.
2. «География және табиғат» журналы, № 3 2014 ж. ,
№ 1,3,5,6 2015 ж. , № 3,5,6 2005 ж., № 1,2,3 2008 ж. 3.Жаратылыстану оқулық 5 сынып, Б. Әбдіманапов
Алматы-2010ж.
4. Қазақ энциклопедиясы. Алматы. , 2001 ж.
5. Электрондық оқулық . География . 6 сынып.
6. Жұмыс дәптері 5 сынып,6 сынып 1,2 бөлім Алматы 2009 жыл
7. Практикалық дәптер 6 сынып Алматы 2009 ж.

  

Бекітемін: Келісемін:
«Мектеп жанындағы оқу ісінің
интернатымен №8 орта мектебі» ММ меңгерушісі
директоры К.Н. Кашкимбаев Р.Т. Жакина
________________ ______________
« » 2014ж « » 2014ж

География пәнін тереңдетіп
оқыту бағдарламасы

Тақырыбы:
«Ғаламшардың ғажайыптары мен құпиясы»
Сынып:7 «а,ә»

 

Мұғалім: Байжанова Ж.Ы.

 

 

 

Оқу жылы: 2014-2015

 

 

Түсінік хат

Ғаламшар дауыл, жер сілкінісі, су ағындары, мұзды кезеңдері әсерінен миллиондаған жыл құрылды.
Әр континенттің табиғат тамаша туындысы, оның бірегейлігін бере отырып, табиғи ландшафт сәулет ескерткіштері, ғибадатхана кешендері, киелі ғибадатханалар мен бүкіл қалаларындың арасындағы барлық кереметтерді байланыстырады.
Ал қазір, XXI ғасырдың басында, осындай табиғи және сәулет құбылыстары адамдарға тосын сезімін туғызады.
Өкінішке орай, бұл тамаша нысандарды зерттеу мектеп бағдарламасына уақыт бөлінген жоқ. Бірақта әр түрлі әдеби оқулықтардың көмегімен оқып, танып білуге болады.
«Ғаламшардың ғажайыптары мен құпиясы» курсында жер шарының тамаша бұрыштарының қыр- сырынмен білім толтыру және әрбір құрлықтың бірегей бейнесін қалыптастыруды, көмектесуге бағытталған.

 

Курстың мақсаты мен міндеттері:

1.Құрлықтың табиғи және сәулет көркі туралы оқушылардың білімін кеңейту;
  2. Пәнге деген танымдық қызығушылығын дамыту;
  3. Біздің планетаның табиғатына ұқыпты және жауапты көзқарасты дамыту.

Сабақтың әдіс - түрі:

1 .Әңгіме
2 .Оқу түсініктеме
3 .Картамен жұмыс істеу,
4 .Фильмдер Қарау

 

Оқушылардың білуі тиіс:

1.Бірегей нысандардың атауы, олардың географиялық орналасуы, тарихы
2. Объектілердің қалыптасу тарихы.

Оқушылар орындау мүмкіндігінің ие болуы:

1.Физикалық карта объектілерін географиялық орналасуын анықтау
2. Табиғи объектілердің бірегейлігін түсіндіру;
3. Қосымша әдебиеттермен жұмыс;
4. Кескін карталарымен жұмыс

 Практикалық және шығармашылық іске асыру.

1. Құрлықтың бірінде саяхат жасауға, қосымша әдебиеттерді пайдалану;
2. Кескін карта бойынша объектілерді сәйкестендіру.

 

 

Күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау
Аптасына -1 сағат


р/с
Сабақтың тақырыбы
Сағат саны
Мерзімі
1
Кіріспе
1
04.09
2
Географиялық аймақ
1
11.09
3
Географиялық зерттеушілер
1
18.09
4
Географиялық белдеулер
1
25.09
5
Материктердік географиялық орны
1
02.10
6
Географиялық диктант
1
09.10
7
Мұхит аралдары
1
16.10
8
Солтүстікжарты шарлардың айырмашылығы мен ерекшелігі
1
23.10
9
Оңтүстік жарты шар материктерінің айырмашылығы
1
30.10
10
Материктер жарысы
1
13.11
11
Африканың ерекшелігі
1
20.11
12
Антарктида жұмбағы
1
27.11
13
Материктерді жалпы қайталау
1
04.12
14
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы.
1
11.12
15
Су және жел жұмысы
1
18.12
16
Мұхиттағы өмір
1
25.12
17
Ғарыштан жерді зерттеу
1
15.01
18
Қазыналы аралдарға саяхат
1
22.01
19
Әлемді география арқылы таны
1
29.01
20
Мұхиттарды жалпы қайталау
1
05.02
21
Ең шөлді материк
1
12.02
22
Ең орманды материк
1
19.02
23
Ең ұзын тау жүйесі
1
26.02
24
Ең үлкен аралдыр құпиясы
1
05.03
25
Географиялық диктант
1
12.03
26
Қазақстан ғажайыптары
1
19.03
27
Туған өлке табиғатына саяхат
1
02.04
28
Қазақсан өзен - көлдері
1
09.04
29
Қазақстан қорықтары мен ұлттық парктері
1
16.04
30
Ақмола облысының табиғатын зеттеу
1
23.04
31
Оқжетпес тауына саяхат
1
30.04
32
География ғажайыптар мен құпиясын талдау
1

14.05

33
Географиялық диктант
34
Қорытындылау
1
21.05

 

ақырыбы: Географиялық сайыс сабақ
Мақсаты: Оқушыларды туған жердің қазба байлығын білуге және бағалауға үйрету, туған өлкені сүюге тәрбиелеу; география пәніне деген қызығушылығын ояту мақсатында географиялық сайыс өткізу.
Сайыс шарттары.
1-кезең .”Өзін-өзі таныстыру” екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.
2-кезең. Әр командаға үлестірме түрінде тапсырма берілді.
3-кезең. Сөзжұмбақ шешу.
4-кезең. “Кім жылдам?”
“География-қоршаған ортаны танып білу” Олай болса, бүгінгі сайыс барысында осы география саласы бойынша оқушыларымыздың ой-өрісін, білімдерін, ақылы мен ептілігін сарапқа салатын боламыз.
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,
Озат болу шарты сол-еңбектену жалықпау.
Ендеше ортамызға география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр оқушыларымыздышақырайық.
Асыл тастан, өнер жастан Халық айтса қалт айтпайды,
Шығады деп дарынды. Әрқашанда нанымды,-
дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар.
Білім деген биік шың Білім деген ақылшың
Бақытқа сені жеткізер. Қиындықтан өткізер,-
деп сайысымыздың алғашқы шарты “Өзін-өзі таныстыруда” екі команда ортаға шығып, өздерін таныстырады.
Екінші кезеңде әр командаға үлестірме түрінде тапсырма берілді.
“Қазақстанның климаты” 
1) Температуралары бірдей барлық нүктелерді қосатын сызықтар (изотерма)
2) Қазақстан территориясына аздаған жауын-шашын әкелетін ауа массалары (қоңыржай)
3) Қазақстан климатына әсер ететін мұхиттар (Солтүстік Мұзды және Атлант мұхиттары)
4) Қазақстанның солтүстігінде шілде айының орташа температурасы (+140С)
Үшінші кезеңде “Сөзжұмбақ шешу” 5 минут уақыт берілді, сол кезде жүргізушінің жанкүйерлермен “Ең,ең...” деген сауалдың сұрақтары жүргізілді.
1. Әлемдегі ең үлкен тасбақа.
2. Дүние жүзіндегі ең үлкен термометр.
3. Дүние жүзіндегі ең үлкен глобус.
4. Ең жері үлкен мемлекет.
5. Ең көп таралған дін.
6. Астық дақылдарын ең көп жинайтын ел.
7. Мұнайды ең көп өндіретін ел.
8. табиғи газды ең көп өндіретін ел.
9. Көмірді ең көп өндіретін ел.
10. Темір кенін ең көп өндіретін ел.
11. Картопты ең көп өндіретін ел.
12. Мақта талшығын ең көп жинайтын ел.
13. Автомобильді экспортқа ең көп шығаратын ел.
14. Еуразиядағы ең үлкен түбек.
15. Еуразиядағы ең биік тау.
Төртінші кезеңде “Кім жылдам?” сайысы өтті.
1. Шетелге шығарылатын тауар (экспорт)
2. Африканың 60 пайызын алып жатыр (жазық)
3. Қаратопырақ Қазақстанның қай бөлігінде? (солтүстігінде)
4. Іле Алатауының етегінде орналасқан Қазақстанның қаласы (Алматы)
5. Жер шарындағы материктер саны (6)
6. Кенді Алтайдың пайдалы қазбалары (полиметалл)
7. Солтүстік Мұзды мұхит алабының өзендері (Ертіс, Есіл, Тобыл)
8. Қазақстанның көне қалалары (Отырар, Тараз, Сығанақ, Түркістан)
Әділ қазылар алқасы сайысты қорытындылады.